Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласы Республикалық референдумға дайын

3-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының сайлау учаскелері Республикалық референдумды өткізуге дайындалуда.

Сайлау күні қалада 128 сайлау учаскесі жұмыс істейді деп жоспарлануда. Оның ішінде -18 жабық сайлау учаскесі.Жабық сайлау учаскелері – қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 218 мыңнан астам адам енгізілген.

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді Семей қаласы әкімдігінің сайтынан біле аласыз.

Семей қаласы әкімдігі жанындағы Call-орталық: 8 (7222) 52-21-36, 8 (7222) 56-50-42.

Жұмыс уақыты-дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-14.30).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив