Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан креативті экономика бойынша IV Дүниежүзілік конференцияға қатысып жатыр

3-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Ташкенттегі креативті экономика бойынша IV Дүниежүзілік конференцияға (WCCE) қатысып жатыр. Бүгінгі таңда бұл іс-шара саладағы жетекші әрі ықпалды алаңға айналды. Биыл конференцияға 80-нен астам елден 2000-нан астам делегат қатысуда. Олардың ішінде үздік халықаралық сарапшылар да бар.

WCCE-2024 басты тақырыбы - «Инклюзивті креатив: өзгерген шындық». Делегаттар креативті индустриялардың тұрақты дамитын болашақ қалыптастырудағы рөлін, технологиялардың қарқынды дамуына байланысты әлеуметтік және экономикалық қиыншылықтарды талқылауда.

WCCE аясында креативті индустрияға жетекшілік ететін мемлекеттік органдар басшыларының кездесуі өтті. Қазақстан атынан мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов сөз сөйледі.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл – экономиканың басым бағыты. Біздің министрлік осы саланы қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірледі. Бірнеше күн бұрын Global Innovation Index-2024 рейтингінде Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін, орталық және Оңтүстік Азия елдерінің көшбасшы үштігіне енді деп мақтанышпен айта аламыз. Рейтингтегі ең жоғарғы көрсеткішті «Креативті тауарлар мен қызметтер» және «Ұлттық көркем фильмдер» көсетті. Яғни креативті индустрия өсті» - деді Евгений Кочетов.

Қазақстандық делегация Индонезия өкілдерімен де келіссөздер жүргізді. Тараптар кәсіпкерлер үшін алмасу бағдарламасын іске қосу туралы келісімге келді. Ынтымақтастықтың басым бағыттары қолөнер, дизайн және сән салалары болады. Сондай-ақ, қытайлық әріптестермен креативті индустриялар саласындағы бірлескен жобалар туралы уағдаласты.

Конференцияның үш күндік бағдарламасына семинарлар, шеберлік сыныптары, воркшоптар, пленарлық отырыстар кіреді. Сондай-ақ, WCCE аясында креативті индустрия бойынша әлемдік жетістіктер көрмесі өтіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив