Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Цифрлық министрлікте Азия елдері үшін Ғаламдық инновациялық индекс есебін жариялау мәселелері талқыланды

4-10-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Цифрлық министрліктің басшысы Жаслан Мәдиев 2024 жылға арналған Азия елдері үшін Ғаламдық инновациялық индекс есебін жариялау мәселесі бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директорының көмекшісі Марко Алеманмен кездесу өткізді. Тараптар инновацияларды дамыту және олардың экономикалық өсу мен әлеуметтік прогрессті қамтамасыз етудегі рөлі туралы маңызды мәселелерді талқылады.

2024 жылы Қазақстан ҒИИ рейтингінде үш орынға көтеріліп, 81-ші орыннан 78-ші орынға шықты. Орталық және Оңтүстік Азия елдері тобы арасында Қазақстан 10 экономиканың ішінде 3-ші орынды иеленіп, инновациялық экономикасы дамыған елдердің үштігіне кіреді. ҒИИ-дің 7 бағытының ішінен «Бизнесті дамыту», «Шығармашылық қызметті дамыту», «Ішкі нарықты дамыту» бағыттары бойынша жақсарту байқалады.

«Бұл есеп Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Биыл Қазақстан Ғаламдық инновациялық индексінде 78-ші орын және Орталық және Оңтүстік Азия аймағында 3-ші орынды иеленді. Үшінші жыл қатарынан біз бұл рейтингте өз позициямызды жақсартып келеміз. Қазақстан мемлекеттік онлайн қызметтер (8-ші орын), пайдалы модельдер (10-шы орын) және электрондық қатысу (15-ші орын) сияқты салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министр Жаслан Мәдиев бұл жетістіктер еліміздің әлеуетін және сенімді инновациялық экожүйе құрудың аса маңызды екенін айқындайтынын атап өтті. Қазақстан цифрлық технологиялар саласында, әсіресе инновациялардың әртүрлі бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге жетуді жалғастырып жатыр.

БҰҰ рейтингінде біздің ел Электрондық үкіметті дамыту бойынша 190-нан астам елдің ішінде 24-ші орында және онлайн қызметтер бойынша үздік ондыққа кіреді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 92%-дан астамы онлайн қолжетімді, ал 86%-ына eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады.

Шетелдік делегаттарға қазақстандық Govtech жобалары мен шешімдері, Astana Hub қызметі және стартаптарға арналған акселерация бағдарламалары, болашақ энергиясы мұражайы Нұр Әлем, сондай-ақ Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығының (РҒБО) жұмысы таныстырылды.

Іс-шараға сонымен қатар ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Жобалық кеңсенің басшысының орынбасары Әлия Оспанова, «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Баян Қонырбаев, «ҰАТ» АҚ төрағасының орынбасары Дмитрий Мун, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыхан қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив