Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Семей қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 30-ға жуық тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Кездесу барысында қала тұрғындары абаттандыру, ауыз су, жарықтандыру, жол жөндеу және қоғамдық көлік қозғалысы секілді өзекті мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға заң аясында түсіндірме берілді.

Қабылдауға қалалық бөлімдердің басшылары мен коммуналдық қызмет ұйымдарының жетекшілері қатысты. Олар тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар бойынша түсініктемелер беріп, кейбір мәселелерді сол сәтте шешу жолдарын қарастырды.

Әділет Қожанбаев әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Қала әкімінің мұндай жеке қабылдаулары — тұрғындардың өзекті мәселелерін тікелей жеткізуіне және жергілікті билікпен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив