Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Президент Жолдауында Қазақстанның болашақ даму бағдары айқындалды

Бүгін, 15:23

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті.

Жолдауда халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендердегі құрылыс жұмыстарын жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президенттің айтуынша, азаматтарды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – тұрмыс деңгейін көтерудің маңызды алғышарты. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынын арттырып, қажетті нысандарды салу міндеті қойылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басты мақсаты – Әділетті, Күшті, Таза әрі Озық мемлекет қалыптастыру екенін жеткізді. Бұл ретте болашақ ұрпаққа технологиялық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті экономикасы мен заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан, азаматтардың өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беретін мемлекет қалдыру қажеттігін атап өтті.

Жолдауда ел дамуының бірқатар стратегиялық бағыты қамтылды. Атап айтқанда, көлік-логистика және энергетика әлеуетін нығайту, өнеркәсіпті технологиялық жаңғырту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану, инвестициялық ахуалды жақсарту және шағын әрі орта бизнесті қолдау мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар цифрлық экономиканы қалыптастыру, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру, инфляцияны тежеу, қаржы-бюджет және салық саясатын жетілдіру бағыттарына басымдық берілді. Әлеуметтік қолдау жүйесін, білім беру саласын және мемлекеттік басқару тетіктерін жаңғырту да маңызды міндеттердің қатарында аталды.

Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру. Бұл бағыт азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға негізделеді.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындап, ел экономикасын жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді белгіледі.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив