Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Бүгін, 14:22

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы он айда атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп берілді.

Асхат Хасенов бүгінде «ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 триллион теңгені құрайтынын жеткізді. Компанияның қаржылық жағдайы тұрақты және жалпы сомасы 16,7 триллион теңге болатын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Президентке компания 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын қабылдағаны жөнінде баяндалды. 23 жобаны іске асыру аясында 60 000 шақырым көлемінде сейсмикалық барлау жүргізу, сондай-ақ жалпы геологиялық ресурстық әлеуеті 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» қолданыстағы активтерде үнемі қосымша барлау жұмыстарын жүргізеді. Атырау облысында Батыс Қарасор және Маңғыстау облысында Қаражанбастың Жағалау аймағы кен орындарын игеру басталды.

Мемлекет басшысына жасанды интеллект көмегімен кен орындарының цифрлық телнұсқасы енгізіліп жатқаны туралы айтылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тауарлық газ өндіруді қысқа мерзімде 2,6 миллиард текше метрден 4,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде мәлімет берді.

Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында газ нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Қосымша экспорт бағыттарын дамыту жұмыстары жалғасуда. Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді. Жыл қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 800 мың тоннаға өскен.

Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай химиясы зауытының қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының, атап айтқанда полиэтилен өндірісі мен газ сепарациялау кешені құрылысының барысы таныстырылды.

Сондай-ақ аймақтарда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға айрықша мән берілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері жыл басынан бері 386 мың ағаш отырғызған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив