Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Үржар ауданының халқы бүгінгі референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда

6-10-2024, 07:30 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан орталығынан бастап, ауылдық елді мекендерге дейінгі барлық учаскелерде тұрғындар дауыс беруге белсенді түрде атсалысуда. Таңертеңнен бастап-ақ сайлау учаскелерінің алдында кезек күткен азаматтардың қатары мол болды, бұл ауданның халықтық белсенділігі мен қоғамдық сана-сезімінің жоғары екендігін көрсетеді.

Үржар ауданының әрбір тұрғыны еліміздің болашағына үлес қосу үшін өз таңдауын жасауды маңызды деп санайды. Осы орайда, референдум учаскелерінде жастардан бастап, зейнеткерлерге дейінгі тұрғындар өз азаматтық борышын атқаруға асыққанын байқауға болады. Елдің болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берген бұл шара аудан халқы үшін үлкен мәнге ие.

Үржар ауданындағы учаскелерде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылып, барлық талаптар қатаң сақталуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив