Бесқарағай ауданының тұрғындары белсенділік танытуда
Бүгін таңертеңнен бастап Бесқарағай ауданының барлық референдум учаскелері өз жұмысын ресми түрде бастады. Аудан халқы ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға бағытталған референдумға қатысуға белсенділік танытуда. Жалпы, Бесқарағай ауданында 32 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, оның ішінде 1 жабық учаске де бар, ол арнайы топтағы сайлаушылар үшін ұйымдастырылған.
Референдум учаскелері таңғы уақыттан бастап тұрғындарға есіктерін айқара ашты. Ауылдық жерлер мен аудан орталығында тұратын халық өздерінің азаматтық парызын орындау үшін референдум учаскелеріне ағылып келуде. Әсіресе, таңертеңгі уақыттан бастап сайлау учаскелерінде кезек күткен адамдардың саны арта түсті, бұл тұрғындардың белсенділігі мен саяси мәдениетінің жоғары деңгейде екендігін айқын көрсетіп отыр.
Аудан әкімі Талғат Мұратовта бүгін өз таңдауын жасады. Ол референдумның маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындарын белсенді түрде қатысып, өз дауыстарын беруге шақырды. Әкімнің айтуынша, бұл референдум еліміздің алдағы дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жол ашатын үлкен қадам болып табылады. Оның өзі де аудан халқының алдағы болашағына зор сеніммен қарап, оң шешім қабылдауға дайын екенін көрсетті.
Аудан бойынша дауыс беру процесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр. Әрбір учаскеде талаптар қатаң сақталуда, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайы ескерілген. Барлық дауыс беру учаскелері қажетті техникалық құралдармен жабдықталып, сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру барысын мұқият бақылауда ұстап отыр.