Мәдениет қайраткері Құсмілия Нұрқасым өз таңдауын жасады
Бүгін Семей қаласындағы №93 референдум учаскесінде мәдениет қайраткері, ақын, жазушы және тарихшы Құсмілия Нұрқасым өзінің азаматтық борышын орындап, дауыс берді.
Құсмілия Нұрқасым – Семей өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ мәдениеті мен руханиятының көрнекті тұлғаларының бірі. Оның өнері мен шығармашылығы халықтың тарихын, мәдени мұраларын дәріптеуге арналған, ал бүгінгі саяси шараға қатысуы ел болашағына бейжай қарамайтын жауапты азамат екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Құсмілия Нұрқасым референдумнан кейін журналистерге берген сұхбатында, бұл саяси науқанның тарихи маңыздылығын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда жасалып жатқан өзгерістер еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашады, ал әрбір азаматтың таңдауы – Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам.