Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің кавалері өз таңдауын жасады

6-10-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева Семей қаласының №83 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Байқауымызша, референдум өтіп жатқан учаскіде келіп жатқан халықтың да саны өте көп. Сол референдумға қатысушылардың бірі, осы 23 мектепте құрылған учаскесінің тұрғыны ретінде мен де келіп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз өркендесін. Еліміздің жарқын болашағына үлес қосушы тұрғыны ретінде өз дауысымды беріп, таңдауымды жасадым»,- деді ол.

Айта кетейік, Абай облысында сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін 13 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр, олардың ішінде облыстың барлық тұрғындары үшін бірыңғай байланыс орталығы және облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарына консультациялық көмек көрсететін 12 жергілікті орталық бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив