Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Елімай» ФК референдумда азаматтық борышын өтеді

6-10-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

6 қазанда Қазақстанда маңызды оқиға – АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде. Бұл айтулы шараға қала тұрғындары ғана емес, жергілікті футбол командаларының атынан шыққан спортшылар да қатысты.

«Елімай» футбол клубының ойыншылары азаматтық борышын орындау үшін сайлау учаскелеріне келді. Қарбалас жаттығулар мен алдағы кездесулерге қарамастан, спортшылар ел болашағын айқындаудағы өз дауысының маңыздылығын түсініп, белсенділік танытты.

Дауыс беруге жиналған топ жетекшілері референдумға қатысу тек міндет емес, сонымен қатар Қазақстанның дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіру мүмкіндігі екенін атап өтті. 

«Бүгін біз спортшылар ғана емес, сайлауға құқығы бар азаматтармыз. Әрқайсымыз ел болашағына үлес қосуымыз керек», – дейді жастар құрамасының ойыншысы Қуаныш Шаймарданов.

Сайлау учаскесіне барлығы 2202 адам бекітілген. Ашылғаннан бері 150-ден астам адам дауыс берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив