Семейде қалалық күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Семейде негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тауар өндірушілер жаңа піскен көкөністер, жемістер, сүт және ет өнімдері сияқты кең ассортимент ұсынды. Жәрмеңке қала тұрғындары үшін жергілікті шаруаларды қолдауға және сапалы өнім қорын жинақтауға тамаша мүмкіндік болды.
Бүгін 6 қазан атом электр станциясын салу жөніндегі референдум күні №66 сайлау учаскесі тек дауыс беретін орын ғана емес, жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген азаматтардың бас қосатын орнына айналды. Көптеген сайлаушылар өз дауыстарын беріп, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін бағалап, сатып алу үшін жәрмеңкеге ат басын бұрды.
Жәрмеңкеде мерекелік атмосфера орнады: жанды музыка, түрлі ойын-сауық шаралары өтті, өндірушілер сатып алушылармен өздерінің егіншілік құпияларымен бөлісті.