Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қоғам қайраткерлері референдумда өз таңдауын жасады

6-10-2024, 11:37 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Дауыс беруге облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова да қатысып, бұл шараның маңыздылығына тоқталды. 

«Мен дауыс беруге келдім, өйткені әрбір азамат еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі сияқты маңызды мәселе бойынша өз ұстанымын білдіруі керек деп есептеймін», - деді ол.

Қарағайлы шағын ауданында орналасқан №479 сайлау учаскесінде 2 мыңға жуық адам дауыс беруі керек. Ашылғаннан бері 70-тен астам адам дауыс беріп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады, соңғы мәліметтер бойынша, 12 миллионға жуық азамат дауыс беруге құқылы. Облыс бойынша барлығы 474 сайлау учаскесі құрылды: 438-і азаматтардың тұрақты тіркелген жерінде, тағы 36-сы уақытша болатын жерінде орналасқан. Сайлаушылар тізіміне 407 549 адам енгізілген - бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар. Сонымен қатар, көшпелі сайлау комиссиялары ұйымдастырылды. 

Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар өз таңдауын жасап, Қазақстан үшін маңызды шешімдерге қатысты азаматтық ұстанымын растау үшін сайлау учаскелеріне барады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив