Семейде мүгедектігі бар жандар инвотакси арқылы сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде
Бүгін Семей қаласының тұрғыны Сергей Жданов өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, инвотакси арқылы №64 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат.
«Мен еліміз үшін өте маңызды республикалық референдумда өз таңдауымды жасағаным үшін өте қуаныштымын. Еліміздегі барша азамат рефернедумда өз таңдауын жасау керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін инвотакси арқылы мен өз таңдауымды жасадым. Сайлау учаскесінінің атмосферасы керемет»,- деп атап өтті Сергей Жданов.
Айта кетейік, Семей қаласының сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған. Референдум учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар дауыс берушілерге қала бойынша 16 арнайы көлік бөлінді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі