Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
508.42 580.72 6.48

Абай облысында БАҚ өкілдері де дауыс беруде

6-10-2024, 14:59 018.kz

Бүгін Семей қаласының «Қарағайлы» ықшам ауданында орналасқан №66 референдум учаскесінде «018.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Думан Кенжеғазыұлы өз таңдауын жасады. 

Ол ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси шараға қатысуы арқылы өзінің азаматтық борышын орындап қана қоймай, еліміздің энергетикалық және экономикалық дамуына қатысты пікірін білдірді.

«Мен үшін бұл референдумға қатысу тек азаматтық борыш қана емес, еліміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілік. Таңдауымды жасар алдында бұл тақырыпты жан-жақты зерттеп, сарапшылардың пікірлерін тыңдап, қоғамдағы пікірлерді талқылап, өзіме қажетті ақпаратты жинадым. Бұл – Қазақстанның болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам және әрбір азаматтың дауыс беруі елдің экономикалық және энергетикалық саясатын айқындауға үлкен ықпалын тигізеді», - деді Думан Кенжеғазыұлы.

Сондай-ақ,  ол тек БАҚ өкілі ретінде ғана емес, белсенді азамат ретінде де өз таңдауын жасап, Қазақстанның болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдауға атсалысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив