Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.34 623.05 6.65

Жаңасемейлік бір топ әже республикалық референдумнан шет қалмады

6-10-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңасемей ауданындағы Алғабас ауылының «Асыл әже» ансамбілінің мүшелері бүгінгі референдумға барлығы бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады. 

Ауылдың береке бірлігін ұйыстырып, ұлттық төл өнерді  тұрақты насихаттап жүрген аға буын өкілдері  референдум учаскесіне  ерекше  қазақы қалыппен келді.

- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Себебі еліміздің алдағы жылдары  тұрақты дамып, өркендеуі үшін дауыс береміз. Халық өз ынтымағын көрсетіп, дауыс беруде.  Ұрпағымызға өнеге көрсетіп, әрқашан  бағыт бағдар беруіміз керек. Біз әрине еліміздің өркениетті жолмен жүргенін қалаймыз деді, - әжелер ансамбілінің мүшесі Ботагөз Ноянқызы.

«Асыл әже» әжелер ансамбілі дауыс беруге келген жерлестеріне өз өнерлерін көрсетіп, дәстүрлі әндерді шырқады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив