Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды

7-10-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тамаша адамдар өмірі» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмені музей директоры Гүлайым Жұмабекова ашып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады.

«Сіздің шығармашылығыңыз кәсіби шеберлік пен биік талантыңыз арқылы көптеген шетелдік көрмелерде әрдайым жоғары бағаланады. Әр туындыңыз еліміздің мәдени ерекшеліктері мен құндылықтарын терең түсіндіріп ғана қоймай, жаңа буын суретшілер мен қолөнершілерге ерекше шабыт сыйлайды», - делінген құттықтау хатында.

Көрмеде Айжан Бекқұлованың 1990-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам туындысы қойылды.

Ретроспективалық экспозицияда тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп істегенжұмыстар ұсынылған.

Экспозиция қараша айының 5-не дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив