Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейлік оқушы тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды

8-10-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл өткен сайын ұлттық ойындарымызға деген ел қызығушылығы артып, халықаралық деңгейде дәрежесін мығымдап келеді. Әсіресе жастардың тоғызқұмалақ ойынына деген ықыласы артуда. Сол жастардың бірі – Малика Асемханова. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы тоғызқұмалақшылардың арасында аты біршама танылған. 

Еңбегі мен талантының арқасында  26-30 қыркүйек аралығында 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем кубогынан  III орын иеленді. Зияткерлік жарыс Румынияның Константа қаласында өтті. Төрт күнге жалғасқан сайысқа Қазақстан, Болгария, Венгрия, Румыния, Түркия елдерінен 30-ға жуық спортшы қатысқан. Зияткерлік ойын ерлер және қыздар арасында рапид және блиц санаттары бойынша өткен. Шәкіртіміз блиц санаты бойынша қыздар арасында бақ сынаған.

Алғаш тоғызқұмалақпен айналыса бастаған сәтте небәрі 7 жаста болған жас дарын   Азия чемпионаттарының  13-14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы күміс медаль жүлдегері, республикалық чемпионаттар да топ жарған.       

Малика Асемханованың жетістіктері – тоғызқұмалақ ойынының жастар арасында танымалдылығын арттырып, ұлттық мәдениетімізді насихаттаудағы маңызды қадам. Жастардың зияткерлік ойындарға қызығушылығы арта түскен сайын, еліміздің мәдениеті жаңа деңгейге көтерілері анық.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив