Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

ABAI Халықаралық әуежайында Ферраоны салтанатты түрде қарсы алды

8-10-2024, 16:41 Талшын Қалиасқар

Осы жылдың сәуір айында 33 жастағы футзал жұлдызы «Семей» футзал клубымен келісімшартқа отырған болатын. Ол осыған дейін «Барселонада» ойнап, УЕФА Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған еді.

Мыңдаған жанкүйерлердің кумиріне айналған футболшы Ферраоны ABAI Халықаралық әуежайында салнатты түрде қарсы алды. Көптеген жанкүйерлер оның аты-жөні жазылған жазулармен күтіп алып, «Туған қалам Семейім» әнін шырқады. Және футболшының Семейге келгеніне қуанышты екендерін жеткізді.

Феррао жанкүйерлерімен тілдесіп, қолтаңба беріп, күтіп алушылармен фотосуретке түсті. Тіпті, «ABAI ELI BRAND» шоурумына өз қолтаңбасын қалдырды. 

Еске сала кетейік, Бразилия құрамасының бұрыңғы ойыншысы үш жыл қатарынан (2019, 2020 және 2021) әлемнің ең үздік футзалшысы деп танылған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив