Референдум нәтижелерін қолдау бойынша сараптамалық талқылау өтті
Шәкәрім университетінде қоғам өкілдерімен референдум нәтижелерін қолдау бойынша сараптамалық талқылау өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин, облыстық «Қазақ тілі қоғамы» филиалы бірлестігінің төрағасы Оралғазы Шәріпбаев, техника ғылымдарының магистрі Данияр Нұрғалиев және студенттер қатысты.
6 қазан күні өткен АЭС-қа қатысты референдум еліміздің энергетикалық саясатын дамытудың маңызды кезеңінің бірі болды. Дауыс беру нәтижелері азаматтардың көпшілігі атом энергетикасын одан әрі дамыту идеясын қолдайтынын көрсетті. Осыған орай қоғам белсенділері референдумның қорытындылары мен оның ел болашағы үшін маңызы туралы ой бөліскен кездесу ұйымдастырылды.
Талқылау барысында қоғам өкілдері бірауыздан референдумның нәтижелері тұрақты энергетикалық болашақты қамтамасыз ету үшін атом энергетикасының маңыздылығын түсінудің артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті. Ядролық энергетиканы қолдау тек қауіпсіздікті ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны сақтап, оны аялауды білдіреді.