ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде пациенттік ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Вячеслав Дудниктің төрағалығымен пациенттік ұйымдармен, медициналық қоғамдастық сарапшыларымен, денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында В. Дудник еліміздің денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттары туралы хабардар етті. Бұл Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы; «Дені сау ұлт», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары.
Денсаулық сақтау вице-министрі атап өткендей, осы стратегиялық құжаттардың барлығы ведомствоның миссиясын іске асыруға - Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту үшін сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Денсаулық сақтау жүйесінің алдында нақты ауқымды міндеттер тұр, оларды сапалы іске асыру жүйенің ағымдағы және болашақ сын-қатерлерді жоюға дайындығын нығайтуға, сондай-ақ халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін денсаулық сақтаудың пациентке бағытталған моделін қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті В.Дудник.
Сондай-ақ, әлеуметтік мәні бар және басқа да аурулары бар адамдардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов баяндама жасады.
Ол онкологиялық көмектің, диализдік, туберкулезге қарсы және трансплантаттау қызметтерінің дамуы, сондай-ақ АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.
Онкологиялық көмекті дамыту және күшейту шеңберінде жыл сайын МСАК медициналық мекемелерінің базасында тексеру кабинеттерінің саны артып келеді.
Осылайша, 2022 жылы 2168: 737 – ерлер және 1431 - әйелдер (2021 – 2002, 668 ерлер және 1334 әйелдер) қарау кабинеті жұмыс істеді. МСАК-та 499 онкологиялық кабинет жұмыс істеді (2021 жылы - 465), оның 31-і 2022 жылы ашылды.
2022 жылы онкологиялық ұйымдардың онколог дәрігерлерінің саны 5%- ға, 459-дан 482 адамға, рентгенологтардың саны 2%-ға, 99-дан 101-ге дейін өсті. Барлығы 205 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда.
Нефрологиялық көмекті одан әрі дамыту үшін стандартты өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда және терапияны уақтылы бастау үшін МСАК деңгейінде 1-5 сатыдағы БСЖ бар пациенттердің тіркелімін және арнайы мамандарды құру мәселесі қаралуда.
2022 жылы 226 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде тірі донордан – 210 (93%), қайтыс болғаннан кейінгі донордан – 16 донорлық ағзаны (7%) трансплантаттау жүргізілді . Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ерік білдіру тіркелімінде 3501 келісім және 27 мыңнан астам бас тарту тіркелген.
Министрлік трансплантология саласындағы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді.
Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесін (ДРЕМАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Екінші кезең СНЭТ БХТ АЖ-мен интеграциялау жоспарлануда.
Донорлық ұйымдардың кадаверді мультиағзалық алуға дайындау бойынша қызметтер көрсеткені үшін шығындарын өтеу тетігі енгізілді. «Кадаверді мультиағзалық алуға дайындау» клиникалық хаттама дайындалуда.
ҚР-да туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда, жыл сайын ересектер мен балалардың арасында сырқаттанушылық көрсеткіштері, сондай-ақ туберкулезден болатын өлім көрсеткіші төмендейді.
Сондай-ақ, «Склероз», «Спиноцебераллярлық атаксия», «Девик синдромы», қан аурулары және т. б. сияқты сирек кездесетін аурулары бар пациенттермен жұмыс жалғасуда.
Жетекшілік ететін вице-министр деңгейінде кеңестер, жұмыс кездесулері, НҚА бойынша түсініктемелер өткізіледі, 2022 жылы склероз, оптиконевромиелит спектрінің аурулары бойынша клиникалық хаттамалар әзірленіп, бекітілді, әкімдіктерге хаттар жіберілді.
Қоғамдық ұйымдармен диалог барысында эпилепсиямен ауыратын балаларды дәрілік заттармен жеткіліксіз қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Бұл мәселені шешу үшін Алматы қаласындағы МСАК жұмысын бақылауға алу, эпилепсиямен ауыратын балаларға арналған дәрілік препараттармен жарақтандыру бойынша олардың жұмысын тексеру, сондай-ақ ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жағдайды түсіну тапсырылды.
Бейресми пациенттер қауымдастығының өтініші бойынша «Миастения гравис» диагнозымен ауыратын пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты осы мәселені АДҚ тізбесін «Миастения гравис» нозологиясына кеңейту жөніндегі ұсынысты Формулярлық комиссия отырысында қарау тапсырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми тұлғалары диалог форматында медициналық көмек көрсету саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ пациенттер мен азаматтық қоғамдастықтар өкілдерінің әрбір өтініші бойынша толық түсініктемелер берді.