Семейде әскери қызметшілердің әйелдерімен кездесу өтті
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Семей қалалық филиалында гарнизон әскери қызметшілерінің әйелдерімен кездесу өтті. Профилактикалық іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметі ұйымдастырды. Кездесу бастамашыларынан басқа шараға полиция, әскери полиция қызметкерлері, гарнизонның аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында Отан қорғаушыларды, олардың туыстары мен жақындарын қосымша қолдауға қатысты мәселелер талқыланды. Ашық кездесу және эмоционалды диалог 2 сағаттан асам уақытқа созылды. Әскери қызметшілердің әйелдері күйеулеріне қатты алаңдайтынын айтты. Олар қызмет ережелеріне және қызметтік жүктеменің сәйкестігіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Әскери полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін әскери қызметшілердің әйелдерімен жасырын сауалнама жүргізді.
Кездесу соңында әйелдерге қылмыстық кодексте, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген нормалар түсіндірілді және проблемалық мәселелерді талқылау үшін жеке кездесулер өткізілді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі