Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Сенатта ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу өтті

13-03-2023, 13:48 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана қаласындағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.

Жақып Асанов өз сөзінде Қазақстан адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелері мен ұлттық күн тәртібіне сәйкес қажетті саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

«ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет ретінде Қазақстанда заң үстемдігі қағидаты қатаң сақталатынын атап өткім келеді. Ашық сот процестеріне мониторинг жүргізуге ДИАҚБ байқаушыларының шақырылуы біздің жүйенің ашықтығын айғақтайды және сенімді нығайту шарасы болып табылады. Парламентаралық өлшемдегі сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артып отырмыз. ЕҚЫҰ және оның Парламенттік Ассамблеясы дағдарыстық жағдайларды шешуде маңызды рөл атқара алады және атқаруы тиіс. Бұл тұрғыда ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігінде сенім мен өзара түсіністік ахуалын қамтамасыз етудегі парламенттік дипломатияның рөлі аса маңызды», - деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары.

Тараптар сондай-ақ ағымдағы жылдың 19 наурызында өтетін ел билігінің өкілді органдарына сайлауды да талқылады. Төраға орынбасары қазақстандық тарап ЕҚЫҰ ДИАҚБ және ПА байқаушылар миссиясының тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жағдайды жасауға дайын екенін атап өтті.

Жақып Асанов кездесу соңында алдағы уақытта біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында өзара сыйластық пен қолдау қағидатына негізделген ынтымақтастық қарқынды дами беретінін және Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.

Суретті түсірген Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив