Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
508.05 534.82 5.06

Астанада Қазақстанда медиацияны дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

14-10-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстандағы медиация саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Парламентаризм институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, медиаторлар, адвокаттар, судьялар, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова медиацияны азаматтық қоғамның басым бағыты ретінде дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, дауларды шешу тетіктерін жетілдіру, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатын азаматтардың құқықтарын қорғау министрлік үшін негізгі міндеттердің бірі болып қала беретінін айтты.

Қатысушылар отбасылық медиацияны дамыту, әкімшілік дауларда мен қылмыстық процесте медиацияны қолданудың заманауи тәсілдерін талқылады. Саланы құқықтық реттеуге, оны жетілдіру жөніндегі кешенді шараларға және медиацияның сотқа дейінгі және сот процестеріндегі жасанды интеллектпен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив