Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Семейдегі жауапсыз құрылыс салушылардың пәтер тұрғындары жылусыз қалмайды

16-10-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Келісімсіз салынған көпқабатты үйлер – тек қана заң бұзушылықтармен емес, тіпті рұқсат құжаттарынсыз да жүргізілетін құрылыс жұмыстары көбінесе коммуналдық мәселелерге алып келеді. Қаланың оң жағалаудағы жылу тапшылығы жаңа үйлерді жылыту жүйесіне қосуды мүмкін етпейді, бірақ құрылыс салушылар түрлі жолдармен сол үйлерді сатып, ақыры зардап шегетін – тұрғындар.

35-ші кварталдағы жаңа көпқабатты үй тұрғындары да осындай жағдайға тап болды. 1 қазан күні Семейде жылыту маусымы басталып, жылуға дайын көпқабатты үйлердің көбі екі аптадан бері жылу ала бастады. Алайда жаңа көпқабатты үй тұрғындары уәде етілген жылудың лебін сезбей, ақыры әкімдікке шағымданды.

Адамдарды пәтерлерінде тоңдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар үйді қазандықтан ажыратпау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар тұрғын үйді автономды жылыту жүйесімен қамтамасыз ету бойынша құрылыс салушымен жұмыс жалғасуда.

2024 жылдың 15 қазанына дейін «Теплокоммунэнерго» МКК-ның барлық тұтынушылары 22 жылу көздерінен 100% жылуға қосылды, соның ішінде: 54 денсаулық сақтау нысаны, 138 білім беру нысаны, 8 әлеуметтік нысан, 1336 көпқабатты және 1190 жеке тұрғын үй.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив