Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Аягөз ауданында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бойынша жаңа жоба басталды

16-10-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданында алғаш рет «Жастар ресурстық орталығы» мен «OQY CLUB» оқырмандар клубының бірлескен игі бастамасы жүзеге асырыла бастады. Бұл жоба жастардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына және рухани әлемін байытуға бағытталған.

Жоба аясында алғашқы шара Майлин ауылдық округінде өтті. Ауыл жастарына әлемге танымал 50 кітап тарту етілді. Бұл кітаптар әртүрлі жанрларда жазылған, оның ішінде мотивациялық, көркем әдебиет, фантастика, тарихи шығармалар және басқа да көптеген жанрлар бар. Жастарға ұсынылған кітаптар олардың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өздерін жан-жақты дамытуға, білімге құштарлықтарын оятуға, сондай-ақ тұлға ретінде қалыптасуларына зор ықпал етеді.

«OQY CLUB» оқырмандар клубының бастамасы қазақ елінде кітап оқуды кеңінен насихаттауға және ауыл жастарына білімнің маңыздылығын ұғындыруға бағытталған. Жоба ұйымдастырушылары бұл бастаманы үлкен міндет ретінде қабылдап, оның ұзақмерзімді әрі тұрақты болуын қамтамасыз етуді көздеуде. Алдағы уақытта бұл шара Аягөз ауданының басқа да ауылдарында жалғасын тауып, кітаптар таратылып, жастардың интеллектуалды дамуына үлес қосатын тағы да көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр.

Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты – кітап оқуды тек қала жастары арасында ғана емес, ауылдық жерлердегі жастар арасында да кеңінен дәріптеу. Бұл жоба ауыл жастарының білім деңгейін көтеріп, олардың келешектегі мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқуға ынталы жастар еліміздің болашағына оң ықпал етеді деп сенім білдіріп, ұйымдастырушылар осы бағытта жұмыс істей бермек.

Игі шара ауыл тұрғындарының қолдауымен әрі жастардың белсенді қатысуымен одан әрі дамып, үлкен серпін алады деген үмітте.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив