Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Астанада құрылыс саласындағы екі халықаралық көрменің ашылуы өтті

17-10-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 16-18 қазан аралығында Астанада, МВЦ «EXPO» алаңында, құрылыс саласындағы жетекші іс-шараларды біріктіретін ауқымды оқиға — Халықаралық құрылыс техникасы, жабдықтар мен технологиялар көрмесі CMEXPO және «Infratech Kazakhstan» инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша халықаралық көрме-форумы өтуде.

Бүгін көрмелердің ресми ашылу салтанаты өтті, оған ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары М.З. Андаков, ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің орынбасары М.К. Баяхмет және«Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.У. Мадиев қатысты.

Жалпы ауданы 5400 ш.м. алаңда 60-тан астам қазақстандық және халықаралық компаниялар құрылыс саласының барлық аспектілерін қамтитын өнімдер мен технологиялардың кең спектрін ұсынады: техника мен жабдықтардан бастап құрылыс материалдары мен инженерлік шешімдерге дейін. Қатысушылар арасында XCMG, LiuGong, Sany, Borusan, Zoomlion, SK BASTAU, Hino Motors, Sami-X, Евразия-СТ, JOVOO INDUSTRIES, HENAN WEIHUA HEAVY MACHINERY, HENAN MINE INTERNATIONAL TRADING, АЛСЕКО, Қазақстанның Салушылар Ассоциациясы, ВОДЭКОФИЛЬТР, Қазақстан Су Ассоциациясы ЗТБ, СУ АРНАСЫСЕРВИС, АТЕ, АРЫСТАН СТЗ ТД, «Евразия СТ» (РК) ЖШС, «ИВЦ» ЖШС және т.б. бар.

Көрменің маңызды оқиғаларының бірі – құрылыс секторындағы негізгі әзірлеушілерді, дистрибьюторларды, жобалаушыларды, цифрлық шешімдерді жеткізушілерді және бақылаушы органдардың өкілдерін біріктіретін тәуелсіз салалық алаң – «Astana Construction Forum».

Форум – нарықтың жағдайын, өзекті проблемаларды, мемлекеттік қолдау шараларын және сала дамуының перспективаларын талқылау үшін бірегей мүмкіндік. Шараның негізгі тақырыптары арасында 2023 жылдың нәтижелері және мемлекеттік шығындардың салаға әсері, 2023 жылы нарықта жетіспеген ресурстар және саланың дамуына әсер ететін факторлар.

Келесі күні бағдарлама аясында сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тарифтер, су ресурстарын басқару процестерін цифрландыру және т.б. талқыланатын су шаруашылығы саласы бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив