Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Аягөз тұрғындарының үйлеріне жылу қайта берілуде

17-10-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Аягөз қаласында жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Бұл туралы облыстық энергия қадағалау комитеті хабарлады.

«16 қазан күні сағат 23:00 шамасында Аягөзде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сол сәттен бастап температура біртіндеп көтеріле бастады, ал таңертең 50 градусқа жетті. Энергия қадағалау комитетінің аумақтық департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр, жағдай тұрақты», – делінген хабарламада.

Ашық дереккөздерге сәйкес, ыстық судың температурасы +50-ден +70 градусқа дейін болуы тиіс.

16 қазан күні Аягөзде жылу беру жүйесінде апат болып, жылу беру уақытша тоқтаған еді. Апат сол күні жойылып, қалыпқа келтірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив