Рухани келісім күніне орай «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімнің іргетасы» тақырыбында форум өтті
Абай облысыныңдін істері басқармасымен Рухани келісім күніне орай «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімнің іргетасы» тақырыбында форум өткізілді. Форумның мақсаты – қоғамда толеранттылық, рухани келісім идеяларын нығайту, азаматтарды ортақ рухани және адамгершілік құндылықтар төңірегінде біріктіру.
Атаулы іс- шараға діни бірлестіктердің, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, форумның конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтуға ықпалы зор екенін атап өтті. Форум отырысы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаевтың кіріспе сөзінен басталып, конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етті.
- Рухани келісім атауының өзінде үлкен мән бар. Осы тұрғыда біздің мемлекетіміз өзінің көпветкорлы саясатының бір бөлігі, үлкен бағыты ол діни кофессиялардың сенімдеріне, құқықтарына белгілі бір мөлшерде еркіндік беру. Осыны дамыту мақсатында елімізде көптеген шаралар ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын, - деді Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов.
-Жалпы бұл атаулы күн елімізді бірлікке, ынтымаққа шақыратын басты мерекелердің бірі. Елімізде жүргізіліп жатқан сындарлы саясаттың арқасында жалпы конфессияаралық татулықтың бір моделі қалыптасқандай. Бүгінгі Абай облысының дін істері басқармасы ұйымдастырып жатқан іс-шара еліміздегі конфессияаралық татулықтың дамуына өзіндік бір үлесін қосады деген үміттемін, - деп атап өтті бөлім басшысы.
Форум ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне және ішкі саясат бөлімдерінің мамандарына арналған оқыту семинарлары, діни бірлестіктер басшылары арасында интеллектуалды ойындардың ұйымдастырылуымен жалғасын тапты. Шара барысында діни бірлестіктер басшыларының қалада көшет отырғызу акциясы өткізілді. Рухани келісім күніне арналған форум аясында Шәкәрім университетінің ауласына 10 түп шырша көшеті егілді.
Жалпы, бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 187 діни бірлестік тіркелген.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы