Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.24 529.34 5.02

Көпбалалы ана кәсіп ашты

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Әйгерім Исенова Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында шағын кондитерлік цех ашты. Көпбалалы ана өз ісін бастауға қажетті қаржыны әлеуметтік осал топты қолдауға арналған қайтарымсыз грант арқылы алды.

Жерлесіміз ағымдағы жылдың тамыз айында 400 АЕК көлеміндегі грантты жеңіп алып, қаражатты «ПП кондитерлі өнімдері мен кондитерлік өнімдер шығару цехы» бизнес-жобасын іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсаған.

«Қазіргі таңда қалада болсын, ауылда болсын, азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында сұранысқа ие тауарлардың бірінші тізімін күнделікті тұтынатын нан өнімдері құрайды. Сол себепті осы бағытты таңдадым. Цех ашу менің арманым еді, өте қуаныштымын», – дейді жас кәсіпкер.

Биыл Жаңасемей ауданында 5 адамға қайтарымсыз грант беріліп, бизнес бастауына мүмкіндік туды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив