Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Үздік дарынды оқушы Семейде тұрады

13-03-2023, 18:46 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздегі «Үздік дарынды оқушы» Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды. Аталған білім ошағының 10 сынып оқушысы Аяулым Хамитханова “Білім-өркениеті” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық форумда осы атаққа лайық деп танылды.

- Форумға республикамыздың әр қиырынан 50 –ге жуық оқушы ғана іріктелді. Олардың барлығы оқуда озат болудан бөлек, қоғамдық өмірге белсене араласып жүргендер. Форумға шақырылмас бұрын өзімнің олимпиада, ғылыми жобалар сайыстарындағы жеңістерімнен әзірлеген портфолио ұсындым. Сонымен қатар, мектепішілік, мектептен тыс өмірде айналысқан қоғамдық жұмыстар жайлы да нақты ақпараттар берілді. Нәтижесінде, «Үздік дарынды оқушы» атанумен қатар, ұйымдастырушылардың  І дәрежелі дипломы және арнайы төсбелгісімен марапатталдым, - дейді оқушы.

Тарих пәнінен желілік олимпиаданың жеңімпазы, «QazUp – қазақ тілі сөз қорын анықтаушы тест» атты жобанының авторы Аяулым ерікті ретінде аз қамтылған отбасылардың балаларына даярлық сабақтарын өткізеді.

- Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек бере жүріп, олардың балаларының сабақ үлгерімінің нашар екенін әрі арнайы даярлық (Репетитор) орталықтарына бара алмайтындығын білдік. Осыны ескере отырып, өз замандастарымызбен бірлесе отырып «Helping corner» атты еріктілер клубын құрдық. ZOOM платформасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына қазақ, ағылшын тілдері мен математика пәндерінен тегін сабақ береміз. Қазір бізден Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса санағанда 100 –ден астам бала дәріс алады, - дейді Аяулым Хамитханова.

«Helping corner» клубында қазіргі таңда 30 жуық ерікті бар. Олар күн сайын іні-қарындастарына мектеп бағдарламасына сай сабақ өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив