Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
485.04 525.98 5.04

Абай облысында табиғат қорғандарына құрмет көрсетілді

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

18 қазанда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты базасында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға резерваттың 10 филиалы мен 34 орманшылықтың қызметкерлері жиналып, кәсіби мерекелерін атап өтті.

Шара Абай облысында 2023 жылдың жазында болған алапат өрт кезінде қаза тапқан  орманшыныларды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Бұл оқиға орманшылардың табиғатты қорғаудағы күрделі міндеттерін, қауіп-қатермен бетпе-бет келетін ауыр еңбектерін тағы бір рет еске салды.

Жиынға жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері мен орман шаруашылығы ардагерлері қатысты. Қазақстанның экологиялық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып жүрген мамандардың еңбегі атап өтілді. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні 2017 жылдан бері аталып келеді және бұл мереке – табиғат қорғаушыларының еңбегіне деген құрметтің айғағы.

Салтанатты жиында Абай облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысының міндетін атқарушы Евгений Сургутанов құттықтау сөз сөйлеп, орманшылардың қызметіне жоғары баға берді.

– Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздердің еңбектеріңіз тек экологиялық емес, экономикалық тұрақтылықты да қамтамасыз етеді. Қиын жағдайларға қарамастан, сіздер орманды қалпына келтіріп, табиғатты қорғаудан талмайсыздар, расымен де құрметке лайықтысыздар. Сіздерге денсаулық, күш-қуат және еңбектеріңізде табыс тілеймін, – деді ол.

Ресми бөлімнен кейін еңбегімен ерекше көзге түскен орманшыларға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Олардың Ертіс өңірінің қарағайлы орманын қалпына келтіруге қосқан үлестері жоғары бағаланды. Іс-шараның салтанатты бөлігі концерттік бағдарламамен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив