Ауғанстан тауарларының көрмесі және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық
2024 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында Ауғанстан тауарларының көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеге 100-ден астам ауғанстандық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қатысты және бұл көрме 22 қазанға дейін жалғасатын болады.
21 қазанда Ауғанстан тарапымен панельдік сессия өтті, оған ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қатысты. Бұл сессияда қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ERG Exploration» ЖШС, «Kazakhmys Barlau» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» ЖШС, «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» ШЖҚ РМК және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сияқты ірі қазақстандық компаниялар бас қосты. Панельдік сессия барысында бірқатар перспективті жобалар талқыланды.
21 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғариннің Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрі Әлхадж Нуриддин Азизи арасындағы ресми кездесуіне сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан қатысты. Кездесу барысында болашақ ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.