Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
484.19 524.28 5.03

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жаңартылды

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады. 

Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері  09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. 

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. 

Еске сала кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО  Семей қаласы бойынша Ш.Каржаубайұлы 249 мекенжайы бойынша орналасқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив