Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
508.5 580.66 6.44

Абай облысында жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

23-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Республика күні қарсаңында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант берді. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Дәулетқалиев, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Еліміз үшін ерекше мерекеге орайластырылған ант беру рәсімі –жаңа буынының өңірдің мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамы. Олар шараға қатысушылар алдында өз міндеттерін адал атқаруға, халық пен мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге ант берді.

Ал, лауазымдарға тағайындау құқығы бар мемлекеттік органдардың басшылары жаңа қызметкерлерден ант қабылдап, олардың мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылғанын ресми растады. Бұл әр қатысушы үшін қуанышты сәт қана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив