Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Депутаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске түзетулер енгізу бойынша жұмысты бастады

23-10-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті. Депутаттар бастамашы болған түзетулердің таныстырылымына аталған комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік етіп, Палата вице-спикері Альберт Рау қатысты.

Таныстырылым барысында заң жобасына бастамашылық жасаған депутаттардың бірі Константин Авершин  өзгерістер Мемлекет басшысының Жолдауы негізінде әзірленгенін атап өтті.

Оның басты мақсаты – жер қойнауына қолжетімділіктің ашық бәсекелестік тәртібін күшейту, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында «бір терезе» қағидатымен Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы жұмысын заңнамалық тұрғыдан реттеу.

– Қатты пайдалы қазбаларға қол жеткізу механизмі екі ашық бәсекелестік мүмкіндіктермен реттеледі. Олар: онлайн және онлайн аукцион арқылы өтінімдерді қабылдау уақытын тіркейтін бірінші өтінім принципі. Сонымен қатар аукцион тетігі жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтатудың немесе ашық қараусыз, конкурссыз берілген ескі қорлар, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен перспективалық жобалар бойынша жарамсыз деп танудың барлық жағдайлары бойынша кеңейтілетін болады, – деді К. Авершин.

Енді осындай жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы қайта қаралғаннан кейін және қайтарып алынғаннан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оларға жер қойнауы учаскелері қайтадан ешқандай артықшылықсыз  аукцион арқылы ғана берілетін болады.

Депутаттың айтуынша, бұл жер қойнауын пайдалану кезінде бұрын орын алған ірі бұзушылық әрекеттерді, фаворитизм мен рейдерлік іс-әрекеттерді болдырмауға септігін тигізеді.

– Қатысушылардың теріс пайдалану мүмкіндігін жою үшін аукцион өткізу тетігінің өзі де күшейтілетін болады. Осы орайда жеңімпаздардың қол қою бонустарын төлеуі жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берілгенге дейін жүзеге асырылады. Ал бонусты төлеуден бас тартқан жеңімпаз бен оның бенефициарларына алдағы бес жылда жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады және жер қойнауын пайдалану құқығын үшінші тұлғалардан алуға рұқсат етіледі, – деді К. Авершин.

«Бірінші өтінім» принципінің тетігі тікелей  бірыңғай портал арқылы өтеді. Бұл ретте  қажетті блоктарды екі сатылы және кулуардан тыс таңдау алынып тасталады.

Тәжірибелік өндірісті алға тартып қатты пайдалы қазбаларды жасырын өндіруге де тыйым салынады және ол барлауға арналған лицензияны дереу қайтарып алуға әкеп соғады.

Таныстырылым соңында Мәжіліс депутаттары заң жобасын әзірлеушілер  мен Үкіметтің жауапты өкілдеріне жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, тау-кен жұмыстарын жүргізу жоспарын бекіту, Құрылыс және индустрия министрлігі Геология комитетінің өкілеттіктерін ұлттық операторға беру, басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Сондай-ақ, депутаттар заң жобасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. Олар Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Арман Қалықов бастаған жұмыс тобының отырыстарында ескерілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив