Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Жас толқынды жат ағымнан сақтау жайы талқыланды

30-10-2024, 11:43 Сәтжан Қасымжанұлы

Жақында Абай облысының дін істері басқармасы  Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға қаламыздағы колледждердің және университеттің басшыларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары қатысты. 

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – кәмелет жасына толмаған жас буынның арасында зайырлы қоғам мен рухани құндылықтарды насихаттау. 

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Сейілбек Ысқақов жастардың болашағы үшін адамгершілік тәрбиесі маңызды рөл атқаратындығына, сол тұрғыда олардың діни радикализммен күресу имунитетін қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

«Қазіргі уақытта діни теріс ағымдардың  жастарды арбау әрекеттері интернет кеңістікте, соның ішінде әлеуметтік желілерде  белсенді жүзеге асырылуда. Әсіресе  олардың құрбаны - көзқарасы толық қалыптаспаған, діни сауаты жоқ және жұмыссыз жастар болып отыр. Дінге қызығушылығы бар, алайда діни білімді мешіт, медреселерден емес, ғаламтордан іздеп жат ағымдар өкілдерінің уағыздарына тап келіп, сол жерлерде шырмалып қалып жатыр. Осы жағынан білім беру мекемелері балалардың  әлеуметтік желілерде діни теріс ағымдардың  арбауына түспеу бойынша профилактикалық шаралар қолдану қажет сияқты. Олардың интернеттегі теріс ағымға арбауына түспес үшін медиасауаттылықты дамытып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру қажет деп ойлаймын», - деді С. Ысқақов.

Шараға қатысқан Абай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Хасенқызы, дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры М.Өмірханов жастар арасында интернет кеңістігін пайдалану арқылы терроризм мен діни экстремизм қаупіне ұрынбаудың, оның алдын алудың тиімді тетігін құрудың маңыздылығын тілге тиек етіп, түсіндіру жұмыстарын арттыру қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив