Облыс әкімінің бірінші орынбасары Германияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдерін қабылдады
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков Германияның Қазақстандағы Елшісінің тұрақты орынбасары Ульрих Киннені қабылдады. Германия елшілігінің гранттық қолдауының арқасында қажетті үй-жайларды жабдықтауға бөлінген 2 005 000 теңге сомасында Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында психикалық ауытқулары бар балаларға арналған әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды.
Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ульрих Киннеге ризашылығын білдіріп, осы орталықты құруға Германия елшілігінің қосқан үлесі маңызды екенін айтты.
«Бұл орталық тек оқу және оңалту орны ғана емес, сонымен қатар әрбір бала өз әлеуетін ашатын және толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болатын үміт пен даму алаңы. Мұндай бастамалар екі елді жақындастырып, ортақ игілікке септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Шалқар Байбеков.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация