RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ - БІЗДІҢ БЮЛЛЕТЕНДЕГІ САНЫМЫЗ №3!
Respublica партиясы – еліміздің азаматтарына кәсіби және риясыз қызмет етуді басты міндеті санайтын іскерлер партиясы. Оны қазақстандық кәсіпкер азаматтар ел тұрғындары үшін құрды! Бұл қағиданы біз Қазақстан халқына ұсынғымыз келетін барлық идеялардың негізі деуге болады.
Біз барлық мемлекеттік органдарда сайлауалды бағдарламамызда айтылғандарды табандылықпен және дәйектілікпен қорғап, орындайтын боламыз. Біздің ісіміз сөзімізден алшақтамайды және алыс кетпейді. Әрдайым айтып жүргеніміздей, Respublica – партиясы бюрократтардың емес, тек қолынан іс келетіндердің партиясы. Ал біз өз мемлекетімізді, Қазақстан халқына қызмет етуді, Отанды басқарудың тұтқасын бет-жүзі жоқ шенеуніктерге емес, адамдарға беруді көздеп отырмыз.
Сондықтан біз бағдарламаны әзірлеу барысында халқымыздың көкейінде жүрген негізгі сауалдарға жауап іздедік. Ол – еліміздің азаматтарының көпшілігінің мүддесіне сай заманауи әрі қуатты мемлекет қалай құрылады?
Бұл бағдарлама қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдарына бастамашы болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі, облыстық және қалалық мәслихаттардағы жұмысымызға деген көзқарасымызды көрсетеді.
Құжат талқылауға және ұсыныстарға ашық: https://re3.kz/reg?re=Abay
БАҒДАРЛАМАНЫҢ БІРІНШІ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ: «БІЛІМДІ ҰЛТ – БАҚЫТТЫ ҰЛТ! САПАЛЫ БІЛІМ – ӨМІР ТАБЫСЫНЫҢ КІЛТІ».
Сапалы және қолжетімді білім – әрбір жеке тұлғаның әлеуетін жүзеге асырудың басты құралы. Білім беруді дамыту саласында Respublica партиясы жеке тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу, тең мүмкіндіктер, шығармашылық пен ойлау еркіндігі сияқты бірқатар жалпыға ортақ қағидаларды басшылыққа алады.
ЕКІНШІ БАҒЫТ: «ДЕННІҢ САУ БОЛУЫ – БАҚЫТ!»
Біз дені сау және бақытты ұлт – ел игілігі мен ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың басты шарты екендігін үнемі айтамыз.
Respublica партиясы алдына мемлекеттің жоғары сапалы, заманауи технологиялық медицинаға қалада да, ауылда да бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету міндетін қояды.
ҮШІНШІ БАҒЫТ: «ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ»
Мәдениеттердің өзара интенсивті енуі жағдайында ұлттық мәдени бірегейлікті насихаттаудың маңыздылығы артып келеді.
Біз, Respublica партиясы, бірегей қазақ мәдениеті жаһандық өркениеттің құрамдас бөлігі екеніне кәміл сенімдіміз.
Біз Қазақстан халқының біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруды басты міндет етіп қойдық. Қазақ халқының ұлттық мәдени болмысының өзегі – тарихи дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз және қазақ тілі.
ТӨРТІНШІ БАҒЫТ: «ЦИФРЛІК АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН – ЕЛДІҢ АЗЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ»
Соңғы 500 жылдағы ең ауыр құрғақшылық әлемге көптеген проблемалар әкелді. Сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай әлем халқының 75 пайызы құрғақшылықтан зардап шегеді. Бұл проблема Қазақстанды да айналып өтпейді. Ауыл тұрғындары 2021 жылы 19 мың бас ірі қара малынан айырылды. Бұл талай шаруашылыққа зор шығын әкелген жұт болды.
Сондықтан біз Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін басты басымдықтардың қатарына қоюды, сондай-ақ еліміздің Азық-түлік қауіпсіздігі доктринасын әзірлеуді және енгізуді талап етеміз.
БЕСІНШІ БАҒЫТ: «ҚҰТТЫ ҚАЗАҚСТАН – ГҮЛДЕНГЕН ҚАЗАҚСТАН! ӘЛЕУЕТТІ БИЗНЕС – ӘЛЕУЕТТІ ЕЛ!»
Біз, Respublica партиясы, экономикалық реформалардың басты және түпкі мақсаты еліміздің әрбір азаматының әл-ауқатын арттыру болуы керек деген тұжырымнан шығамыз.
Бүгінгі күннің басты мәселесі – халықтың кедейшілігінің артуы. Бұл ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының жеткіліксіздігімен байланысты. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, әрбір алтыншы қазақстандық кедей. Ал біз оған шыдамаймыз!
Қазақ экономикасының шикізаттық сипаты еңбек өнімділігі мен жұмыс орындарының өсуін, «кешенді» экономиканы құруды білдірмейді. Және бұл бізді алаңдатады!
Кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ете алады деп ойлаймыз. Экономикамыздың шикізатқа тәуелділігін азайтуға көмектесетін де кәсіпкерлік.
АЛТЫНШЫ БАҒЫТ: «ӨЗІН-ӨЗІ ӨЗГЕРТПЕЙ, ЕСКІРГЕН ҮЛГІЛЕРДЕН БАС ТАРТУҒА ҚАБІЛЕТТІ АДАМ - БАҚЫТТЫ»
Мемлекеттік басқарудың қолданыстағы тетіктері өз күшін сарқып тастады деп есептейміз. Шешім қабылдау процесін ұйымдастырудың және олардың орындалуын бақылаудың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарастыратын уақыт жетті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесіне бұрынғыдан да процесстік тәсілді енгізу қажет. Мемлекеттік органдардың қызмет процестерін алгоритмдеу және стандарттау мемлекеттік аппаратты функцияларды орындаудан нақты нәтижелерге жетуге қайта бағдарлауға мүмкіндік береді. Мемлекеттiк көзқарас жүйесiне процестердi басқаруды енгiзу көлденең өзара әрекеттесуге бағытталған процестердiң пайдасына биліктің қатаң вертикалынан бас тартуға мүмкiндiк бередi. Мемлекет клиентке бағдарланатын болады. Бұл тәжірибе Ұлыбританияда, Канадада, Норвегияда сәтті жүзеге асырылуда.
Реформалар табысты да іскерлердің санаулысы емес, барша қазақстандықтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Халық өз партиясының өз қажеттіліктері негізінде әрекет ететініне сенімді болуы аса маңызды. Реформалар бүкіл елдің және әрбір адамның өмірін сапалы түрде өзгертуі керек. Бұл - Respublica партиясының құрылысы!
Шығарған: «Abay Media Group» ЖШС-і. Тапсырыс беруші: А. Айтмұқаш, Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Respublica» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
#REspublica2023