Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.19 536.55 5.61

Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

15-03-2023, 12:32 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапосаға сенім грамоталарын табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Елші Е. Ахинжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астананың Преториямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы мүдделілігін қуаттады.

Өз кезегінде, Президент С. Рамапоса өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив