Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Абай облысында комплаенс-қызметтердің рөлі талқыланды

Бүгін, 14:59

Абай облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, корпоративтік мәдениетті дамыту және комплаенс-қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған диалог алаңы өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту және корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс қызметтерінің рөлі» тақырыбындағы іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы комплаенс-офицерлердің рөлін күшейту, тәжірибе алмасу және ұйымдарда адалдық пен ашықтық қағидаттарын орнықтыру.

Диалог алаңына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының, Шәкәрім университетінің, Экономикалық тергеп-тексеру, Ішкі мемлекеттік аудит және Полиция департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың комплаенс-офицерлері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың өзекті бағыттары, академиялық адалдықты қалыптастыру, корпоративтік мәдениетті жетілдіру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын орнықтыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар ұйымдардағы адалдық мәдениетін нығайтуда алдын алу шараларының, жүйелі түсіндіру жұмыстарының және басшылар мен қызметкерлердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу, комплаенс жүйесінің жұмысын жетілдіру, ішкі бақылау тетіктерін дамыту, сондай-ақ ұйым қызметіндегі ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Іс-шара аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік мәселелерді талқылады. Мұндай кездесулер комплаенс-қызметтердің жұмыс сапасын арттыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тәсілдерді дамытуға мүмкіндік береді.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізудің, корпоративтік адалдық стандарттарын сақтаудың және әрбір ұйымның қызметінде заңдылық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив