ҚР Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 540-ж бұйрығымен Дәурен Есалыұлы Ақшалов ҚР Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың комплаенс мәселесі жөніндегі кураторы қызметіне тағайындалды.
Негізгі міндеттері - комплаенс мәселелері бойынша Министрліктің қарамағындағы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ету және үйлестіру.
Дәурен Ақшалов 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
2003 – ҚР ІІМ Академиясының заң институты, мамандығы «Заңгер»;
2009 – Халықаралық бизнес университеті (UIB) Менеджмент бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА);
2016 ICA (UK) – Int.Dip.(GRC) - ICA International Diploma in Governance, Risk & Compliance International Compliance Association (Ұлыбритания);
2019 ICA (UK) – Prof.PgDip.(GRC) - ICA professional postgraduate Diploma in Governance, Risk & Compliance International Compliance Association (Ұлыбритания);
2022 PECB – ISO 37001 енгізу жөніндегі сертификатталған жетекші маман;
2023 De Montfort University – MSc Strategic digital marketing.
Еңбек өтілі:
Комплаенс тәуекелді басқару, Қаржылық мониторинг және корпоративтік басқару жүйесінің процестерін дамыту және енгізу саласында банк секторында ірі жүйе құраушы қазақстандық банктерде «БТА Банк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ (2007 – 2013) жұмыс істеді;
Комплаенс қызметі басқармасының бастығы, «Еуразиялық банк» АҚ комплаенс және ішкі бақылау қызметі директорының орынбасары (06.2013–04.2018);
«Самұрық-Энерго» АҚ комплаенс қызметінің басшысы (04.2018- 01.2021);
«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы (01.2021- 07.2023).
Басқа лауазымдары:
Комплаенс және іскерлік әдеп қауымдастығының бақылау кеңесінің төрағасы (2021 ж. б.к.д.)
Бизнес этика, комплаенс және КӘЖ қауымдастығының Қазақстандағы RBEN дамыту жөніндегі директоры (Ресей) (2020 ж. б.к.д.);
«Атамекен» ҰКП корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңесінің Ішкі аудит, тәуекелдер және комплаенс комитеті төрағасының орынбасары (2021 ж. б.к.д.);
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі (2022 ж. - 07.2023 ж.);
Adjunct Assistant Professor Narxoz Университеті (2021-2022 жж.).