Облыс әкімі полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Семейде Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға облысымыздың тәртіп сақшылары, полиция ардагерлері, қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасылары қатысты. Мереке түрлі іс-шараларды, марапаттар мен салтанатты жиындарды қамтиды.
Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бүгінгі күннің бейбіт елдің тыныштығын күзетіп, қоғамдағы татулықты сақтауға елеулі үлес қосып жүрген тәртіп сақшыларына ризашылық пен алғыс білдіру күні екенін атап өтті
Сонымен қатар аймақ басшысы қиын да жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген 5 полиция қызметкері құрмет көрсетті. Олардың қатарында Абай облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Айдана Бекетаева, Абай облыстық полиция департаменті Семей қалалық полиция басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуаныш Күренкеев, Абай облысы полиция департаменті Абай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Рүстем Рахымбаев, Абай облыстық полиция департаменті Бородулиха аудандық полиция бөлімінің инспектор-кезекшісі, полиция майоры Серік Ордабаев, Абай облысы полиция департаменті Бесқарағай ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Диана Досымовалар бар.
Іс-шара барысында ҚР ІІМ министрі мен облыстық полиция Департаменті басшысының қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрықтары оқылды. Тәртіп сақшылары мерзімінен бұрын шендер, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.