Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қаланың бас жоспары талқыланды

14-11-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС бас директоры Руслан Жакуповпен кездесіп, Семей қаласының бас жоспарын талқылады. Кездесуде қаланың тұрақты дамуына серпін беретін маңызды құжаттың әзірлену кезеңдеріне баса назар аударылды.

Кездесу барысында Руслан Жакупов қаланың көлік инфрақұрылымына, тұрғын және коммерциялық үй құрылысына, абаттандыруға қатысты жаңартылған мәліметтермен таныстырды. Шаһардың тарихи бет-бейнесін сақтауға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында құжатты пысықтау үшін сарапшыларды тартып, қоғамдық тыңдау өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бас жоспар қала инфрақұрылымын дамытуға, қоршаған ортаны жақсартуға және инвестиция тартуға бағытталған жобаларға негіз болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив