Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қатысты. Облыс бойынша ауылдық елді мекендерде 8 ірі топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйесі жұмыс істейді: «Қазсушар» ШҚФ, «Белағаш топтық су құбыры» КМК (Бородулиха ауданы), «Горводхоз» КМК, «Жарма-Су» КМК (Жарма ауданы), «Су» МКК (Аягөз ауданы), «Көкпекті» КМК"(Көкпекті ауданы), «Ақсуат» МКК (Ақсуат ауданы), «Риза» МКК (Абай ауданы). 2006 жылдан 2024 жылға дейін ҚР бойынша төлем аудандарда 40-60 теңге болды, ал табиғи монополия субъектілері сумен жабдықтау тарифін бірнеше рет көтерді. Осылайша, халықты ауыз суды тиімді пайдалануға ынталандыру және жергілікті бюджет шығыстарын қысқарта отырып, облыс халқын арзандатылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метріне ақы төлеуге өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Семей қаласында 328 нысанда қамтылған «Сергек» аппараттық – бағдарламалық кешені жұмыс істейді. Сергек жобасы Семей қаласында 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап іске асырылуда, ол 114 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінен және қоғамдық орындарда 687 жалпы бейнебақылау камерасынан тұрады, сондай-ақ бұрын орнатылған камералар жүйесіне біріктірілген. Қазіргі уақытта МЖӘ жобасын қосымша кеңейту үшін 380 камераға арналған мекенжай бағдарламасы бекітілді. Жобаны кеңейту 16 аппараттық-бағдарламалық кешенді (11 қиылыста және 5 желілік учаскеде) және 237 бейнебақылау камерасын (127 айналмалы, 30 тіркелген, бетті тану бойынша бейнеаналитикасы бар 80 камера) орнатуды көздейді. Жобаны іске асырудың мақсаты Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру болып табылады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, депутаттар бірауыздан оң дауыстарын берді.