Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы

15-03-2023, 15:12 018.kz

Семей қаласының ел тарихында алар орны айрықша екені баршамызға мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Семей қаласына облыс орталығы мәртебесін беру және аймақты Абай облысы деп атау туралы жаңалық күллі семейліктерді ерекше қуантты. Бөркін аспанға атып, шаттанбаған адам кемде-кем. Сол күннен бастап өңір халқы Абай облысын құру және облыс орталығын Семей қаласына көшіру туралы Мемлекет басшысының Жолдауын ерекше жылы қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай, шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын», деген еді.

Бүгінде қазақ үшін айрықша қасиетке ие, құтты мекен Абай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Президент жарлығынан кейін киелі қала облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты. 25 жылдан кейін облыс мәртебесін қайтару көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. 

Семей жері – Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың елі, ұлттық рухымыздың жаршысы. Бұл қасиетті жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Шаған Манапұлы Жұмақсанов - Семей қаласының қоғамдық кеңес төрағасы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив