Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Әскери қызметтің қауіпсіздігі: Қорғаныс министрі ведомство алқасында басты міндеттерді айқындады

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігінің алқасында жыл қорытындысы шығарылды. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен өткен отырысқа министрдің орынбасарлары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, олардың орынбасарлары мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты.

Әскер өмірінің мәселелерін қарау кезінде тәртіптің, құқықтық тәртіптің және әскери қызметтің қауіпсіздігінің жай-күйіне ерекше назар аударылды.

– Қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Жоғарғы Бас қолбасшы темірдей тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысы сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың және құқық қорғау органдарының басшылығына ерекше жауапкершілік жүктеді. Біз үшін бүгінгі әңгіме қысқа болмақ. Командирлер бірде-бір оқиға жазасыз қалмайтынын анық түсінуі керек, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы күштердегі жауынгерлік дайындықтың, техникалық, тылдық, медициналық, пәтерлік-пайдалану қамтамасыз етудің жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдады. 

Ағымдағы жылы негізгі күш-жігер Арнайы операциялар күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Аумақтық қорғаныс әскерлерінің әлеуетін нығайтуға, олардың инфрақұрылымын ұлғайтуға және қару-жарақ пен әскери техникамен қайта жарақтандыруға бағытталды.

2024 жыл Қарулы күштердің дайындық қарқындылығы мен сапаның жоғарылауымен ерекшеленді. Оқу-жаттығу барысында бөлімшелердің шабуыл мен қорғаныстағы кезектескен екіжақты форматы қолданылды. Басқаруды ұйымдастыру және командирлерді өз бетінше шешім қабылдауға оқыту мәселелері басым тәртіппен пысықталды.

Әскерлерді жедел даярлау шеңберінде 160-тан астам іс-шара өткізілді. Оның ішіндегі ең маңыздысы «Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуы болды. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысты. Наурызда Әскери-теңіз күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Әскери маневрлер Әуе қорғанысы күштерімен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен тығыз байланыста жүргізілді.

Қыркүйек айында «Айбалта» және «Ашық аспан» оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Қазан айында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басшылығымен ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық» бірлескен оқу-жаттығу өтті. Орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен «Бекет» оқу-жаттығуы өткізілді.

Сонымен қатар ағымдағы жылы әскерлердің жауынгерлік дайындық тәсілдері қайта қаралды. Әскерлерді оқыту мен қолдануда жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде. Атыс, тактикалық, медициналық дайындықтар, әскери топография және байланыс бойынша апта сайынғы жаттығулар енгізілді. Қазірдің өзінде жаңа жүйе оң нәтиже беруде. Жауынгерлік даярлықтың барлық іс-шаралары қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып ұйымдастырылды.

Армияны жаңа техникамен жабдықтау процесі жалғасуда. Арнайы операциялар күштерін қаруландыруға «Кобра II» автокөліктері және арнайы автокөлік түсті.

Алғаш рет Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық нысанға көшіру жүзеге асырылды. Жаңа үлгілер жақсартылған функционалдылық пен жайлылықпен ерекшеленеді. Пішіннің камуфляждық қасиеттері артты. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктерін ескерілген.

Отырыс соңында Қорғаныс министрі 2025 оқу жылына бірқатар тапсырмалар қойды. Олардың ең маңыздысы әскери қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ететін деңгейде әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қолдау, сонымен қатар басқару органдарын даярлау болып айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив