Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Qazindustry өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларымен қолдау жөніндегі бағдарламаны іске қосады

18-03-2023, 08:59 Думан Кенжеғазыұлы

Qazindustry Қазастандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпке мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету бойынша бағдарламаны іске қосатынын хабарлайды.

Осыған байланысты тиісті өтінімдер биыл 20 наурыздан бастап қабылданбақ. Өтінімді электронды форматта https://qazindustry.gov.kz/ ресми сайтына жолдауға болады.

Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыратын субъектілердің шығындарының бір бөлігін өтеу келесідей шығын түрлеріне байланысты жүргізіледі:

1) Елімізде өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес ҚР аумағында рұқсат етілген техникалық регламенттерде немесе стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындар. Оның ішінде,

- отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалауды іске асыруға;

- сынақ нәтижелерінің сараптамасын қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар орындауға байланысты;

- инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

- сертификаттарды тіркеп, қайта ресімдеу мен ұзартуға;

2) Жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру белгілерін салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындарға:

- сәйкестендіру жабдықтарын сатып алуға (сатып алуға); өнім шығару сатысында сәйкестендіру белгілерін салуға арналған типографиялық қызметтерді сатып алуға;

- инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру аппараттарын немесе тасымалдау материалдарын салуға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға.

Сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъектінің 50% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі. Бірақ ол:

1) Өтінім берілген күнге дейін кейінгі 24 (жиырма төрт) айда қолданыстағы ереженің 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің 1 субъектісіне шаққанда 3 мың айлық есептік көрсеткіштен;

2) Өтінім берілген күнге дейін кейінгі 24 айда қолданыстағы ереженің 8-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жұмсалған шығындар жеңіл өнеркәсіптің 1 субъектісіне шаққанда 10 мың АЕК-тен артық болмауға тиіс.

Өтінімдерді қабылдау жыл соңына дейін жалғасады.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары жайлы толық ақпарат www.qazindustry.gov.kz сайтында орналастырылған.

Кеңес алу үшін төмендегі телефон нөміріне хабарласуға болады:

+7 (7172) 79 33 99, ішкі нөмір 444

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив