Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Астанада Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің кеңесі өтті

2-12-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің басын қосқан «Диалог және болашаққа арналған жоспарлар» тақырыбындағы кездесуінде сөз сөйледі.  

Кездесу барысында тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуының негізгі мәселелері, халықаралық ынтымақтастық перспективалары және Қазақстанның тау-кен саласына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.

АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Франция Төтенше және Өкілетті Елшілері, сондай-ақ Канада және Түркия дипломатиялық миссияларының жоғары лауазымды өкілдері және Қазақстан тау-кен палатасының 30-дан астам жетекші мүше-компаниялары іс-шараға қатысты.

Министр соңғы 5 жылда еліміздің геологиялық ұмтылысы миллиард долларды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, оның пікірінше, Министрлік бұл салаға 200 млн долларға жуық инвестиция салған және бұл көрсеткіш өсім көрсетіп келе жатқанын айтты.

«Біз Орталық Азиядағы емес, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ең тартымды тау-кен секторларының бірін құрайтын боламыз», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Елге геологиялық барлаудың жаңа әлемдік көшбасшылары келеді, қызметтерде мультипликаторлық әсер байқалады деді өз алғы сөзінде Қазақстанның тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев. Геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін жаңа отандық мамандандырылған кәсіпорындар құрылуда. Бұрғылау, геофизика және геохимия қызметтері нарығы жаңа құзіреттіліктермен толықтырылуда.

Одан бөлек, «Тау-кен өнеркәсібінің даму перспективалары» тақырыбында ашық сессия өткізіліп, Палата мүшелерінің өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Кушумов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Министрліктің цифрландыру, заңнамаға өзгерістер енгізу және электронды аукциондарды өткізу бойынша жұмысына тоқталды. Сондай-ақ, ол Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Іс-шара инвесторлардың тәуекелдерін азайту, заманауи әлеуметтік-жауапты инвестордың объективті бет-бейнесі бойынша имидждік жұмыс жасау мақсатында проблемалар мен болашаққа арналған жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Палата сондай-ақ өнеркәсіптік саясаттағы бастамалар, Жер қойнауы туралы кодексті түзету бастамалары бойынша жұмыс істеуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив