Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласында арнайы техника дайындығы өтті

4-11-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында автокөлік жолдарын қысқы күтіп ұстауға арналған дайындық жұмыстары өтті. Шараға қала әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, техникалардың дайындығын тексерді.

Қысқы маусымға дайындық барысында автожолдарды күтіп ұстауға 100-ден астам арнайы техника бірлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті инертті материалдар қоры жасақталды. Атап айтқанда, 1000 тонна тұз, 1000 тонна құм және 5650 тонна ұсақталған тас дайындалған.

Қала әкімі Әділет Қожанбаев қыс мезгілінде жолдарды уақытылы тазалау мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Алдағы уақытта қосымша техникалар сатып алу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив